Атырауда вакцина алуда құқық қорғау органдарының қызметкерлері көш бастап тұр

Сovid-19-ға қарсы вакцина алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны 167%-ға жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді. Медицина қызметкерлері арасында көрсеткіш – 104%, мемлекеттік қызметшілер – 115% , полиция қызметкерлері– 91% , педагогтар арасында – 78%.

Ең төменгі көрсетікішті студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар құрап отыр, – деді Қайсар Абдалиев.

23 шілдедегі мәлімет бойынша, өңірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентімен 132 904, II компонентімен 79 066 адам егілді. Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521