БҒМ: Ата-аналарға айыппұл салынады деген ақпарат - жалған

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтар қашықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды.

Қосымша сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің Сall-орталығына: +7 (7172) 74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларына хабарласуға болады" делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.

egemen.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика