Жергілікті полиция жедел іс - шараны қолға алды

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жандандыру, әкімшілік учаскені аралап шығу жолымен экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, халық арасында жергілікті полиция қызметінің имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынаста болу мақсатында, ағымдағы жылдың 7 - қыркүйегі мен 1 - желтоқсаны аралығында аудан аумағында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында: Әкімшілік учаскелерді пәтерлермен үйлерді аралау, полиция бөлімінде есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, қару иелерін қарудың сақталуын, уақтылы тіркелуін және қайта тіркелуін тексеру, базарларды және өзге де сауда орындарын, оның ішінде, бұрын қолданыста болған тауарлардың ішкі сауда қағидаларын сақтауды тексеру, жастар және кәмелетке толмағандар жиналатын орындарды тексеру, саяжай алқаптарын, шаруа және қыстақтар, тоқтатылған және қараусыз қалған құрылыс объектілерін, шатырлар, жертөлелер, кәріз құдықтарын және т.б., оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану фактілерін анықтау, жалға берілетін пәтерлерді, үй-жайларды анықтау және оларды тексеру және т.б бірқатар жұмыстар жүргізіледі.

А.Курмашева

Индер ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлар тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT