Сонау жаугершілік заманда жерін көзінің қарашығындай қорғаған батырлар аз болмағаны тарихтан белгілі. Солардың бірі атақты Есболай бидің ұлы Итемгеннің бес бөрісі атанғанның бірі Қабылдың баласы Жапарберді батыр.
Ол 1933 жылы жекпе-жекте түрікменнің батыры Сүйінпышақты жер жастандырғанын, содан бері Үстірт өңірі қазақ жеріне мәңгі мұра болып қалғанын газетіміздің алдыңғы сандарында жазғанбыз.Бұрын барымталанған мал өз алдына Есентемір Есбол батырдың Хиуада зынданда жатқан сарбаздарында құтқарғаны туралы айтылады.
Ал енді одан кейін Жапарбердінің өмірі қалай болып еді. Сол туралы айтып көрсек. Сонымен Құлбарақ батыр өлетін жорыққа Керім дейтін ауылдан 11 адам қатысады. Сол он бірдің бірі жауырыншы Кескір Көбен екен. Жорыққа аттанар алдында Құлбарақ оған: “Көбенім, бал ашшы, жолымыз қалай болар екен” дейді. Сол сәтте Кескір- Көбен құмалағын жайып жіберіп: “Жолымыз ауыр екен. Осылардың бірі өліп, оны елге қайтар ма, әлде оны өліп, бірі қайтар ма? Болжай алмай отырмын”,- дейді. Айтқанындай, сол жорықта Құлбарақ бастаған 10 жігіт өледі де, тек Жапарберді батыр тірі қалудың амалын тауып шығады. Бұл жас батырдың алғашқы жорығы болатын. Жастайынан өте батыл, айлакер, ең бастысы, найзағайдай шапшаң қимылдайды екен.
Толығырақ газетіміздің 7 ақпандағы №6 санынан оқи аласыздар