Жылдағыға қарағанда Жайық өзенінің көтерілу деңгейі күн өткен сайын артып келеді. Соған байланысты аудандағы қауіпті аймақ болып саналатын Құрылыс және Жарсуат ауылдық округтерінде жағдай қатаң бақылауға алынған.
Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мамандарының айтуынша, Жайық өзенінің 217 шақырымы ауданға қарасты аймаққа жатады.
-Индер ауданы бойынша Жайық өзенінің күнделікті көтерілуі 10-15 сантиметрді құрап отыр. Алдыңғы деңгеймен есептегенде 1 метр 70 сантиметрге көтерілді. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімімен бірлескен түрде рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Балықшылар мен аудан тұрғындарына түсінік жұмыстары жүруде,-дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Парасат Сақыпкереев.
Судың келуі алдағы мамыр айының ортасына дейін жалғасады деп күтілуде.
С.КӨШЕКОВ