"Заң керуені" Индер ауданына қарасты ауылдарды аралайды

Акцияның мақсаты халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.

Акция аясында Индер ауданында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, Мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы,білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының қызметкерлері қатарынан мобильді топ жұмыс істейтін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT