Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация уақытында тапсыру маңыздылығы
«100 нақты қадам» бағдарламасының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші бағытында кірісті және шығысты жалпы жариялауды енгізу көзделген. Ол өз кезегінде «Салық» кодексінің 71 тарауында көрінісін тапқан.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты – көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.
Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап жүзеге аса бастады.
Алғашқы кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар адамдар декларация тапсырған болатын.
Ал, екінші кезеңде, яғни 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап
мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы); квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) декларация тапсырды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы (зайыбы); дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы (зайыбы) тапсыруға міндетті болса, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары декларация тапсыратын болады.
Осы орайда екінші кезеңге арнайы тоқтала кетсек дейміз. Бұл кезеңде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы, яғни 31.12.2022 жағдай бойынша толтырады.
Аумақтық «Whats app» чатқа 250.00 нысан декларация толтыру ролигі ұсынылды.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға жағдай жасалған.
Н.Болатов,
аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы