ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕП ҰШҚАН МЕКТЕБІНЕ СЫЙ ЖАСАДЫ

Есбол ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің 1984 жылғы мектеп бітіруші түлектері өздерінің түлеп ұшқан мектептеріне тал отырғызу үшін арнайы ат басын бұрды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған түлектер алдымен өздері білім алған оқу ордасына келіп, мектеп ұжымымен, оқушылармен кездесті. Жиынға қатысқан аудан әкімі Дарын Шамұратов түлектерге ризашылығын білдіріп, ел үшін жасаған игілікті істеріне алғысын айтты.

Одан соң, түлектер атынан Нұрлыгүл Сапарова, Жасұлан Жұмекеев, Мұрат Қатапов сөз сөйлеп, игілікті шараға қолдау білдірген мектеп ұжымына рахметін айтып, болашаққа отырғызылған ағаштар сая болар бәйтерекке айналсын деген тілектерін білдірді.

Мектеп бітіруші түлектер атынан 11 сынып оқушысы Мұрат Қатапов сөз сөйлесе, Жамбыл атындағы орта мектептің оқушыларының хоры "Ұстаздарға құрмет", Амандық Салаханов "Намыс оты" деп ән салды.

Салтанатты шарадан соң түлектер мектеп ауласына шырша мен қарағаш ағаштарын отырғызды.

Осылайша, жетпіске жуық жасыл желек желбірейтін болды. 

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521