23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай аудандық орталық кітапханада мерекелік шара өтті. Алдымен кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлзина Азанова оқырмандарды мерекемен құттықтап, түрлі бағытта өтетін шаралармен таныстырып, белсене қатысуға шақырды. Мерекелік шара «ТалқыLike: сан сұраққа саясат” атты сұрақ-жауап ойынымен жалғасты. Ойынға аудан әкімінің аппараты, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, оқушылар шығармашылық орталығы мен аудан жастарынан құралған төрт топ қатысып, бақ сынады.
Қызықты ойын нәтижесінде 10 сұраққа дұрыс жауап берген аудан әкімі аппаратының тобы І орын, 7 сұраққа жауап берген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің тобы ІІ орын, 6 сұраққа жауап берген оқушылар шығармашылық орталығының тобы ІІІ орынға ие болса, 2 сұраққа жауап берген аудан жастарының тобы Алғыс хатпен марапатталды.
Ж.НАРИМАНОВА
Талқы like: сан сұраққа саяхат
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 59
