«TalaptanInder» жастарды әлеуметтендіру мақсатындағы жоба нәтижесі

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «TalaptanInder» жастарды әлеуметтендіру мақсатында жоба жүргізілуде.

Осы жоба аясында Атырау облысы,  Индер ауданының ауылдық жерлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жергілікті қоғамдастық мүшелердің, бастамашыл топтардың, қоғамдастықтардың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін шағын гранттар бөлу байқауы өткен болатын.       Жастарға арналған гранттың ережесі мен өтінім формасы жасақталып, әлеуметтік желілерге таратылды. Өтінім беру бойынша барлық түсінік жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 15 өтінім келіп түсті, түскен өтінімдергі қарауға комиссия құрамы құрылып, зум арқылы комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде, жеңімпаздар:

-        Зейнешов Әділ, Елтай ауылы тұрғыны, жоба тақырыбы: «Елтай ауылы арасында Бағырлай каналы үстінен өтіп жатқан тұрғындар қатынайтын көпірді қалыпқа келтіру жұмыстары»;

-        Өмірзақова Гүлназ, Индербор кенті тұрғыны, жоба тақырыбы: «Қауіпсіз үй – бақытты отбасы»  (терезе блокиратор мен газ сигнализация тегін орнату);

-        Нұғыманов Қайрат Абайұлы, Индербор кенті тұрғыны, жоба тақырыбы: «Индербор кентіндегі балалар ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары».

         Аталған жеңімпаздарға 1 000 000 теңге көлемінде грант табысталып, жастар нәтижелі жұмыстар атқарды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT