Табиғатқа қамқорлыққа үйретуді балабақшадан бастаған жөн

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылды қорытын-дылап, жаңа жылда атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын айқындап берген көлемді сұхбатымен мен де таныстым. Елді толғандырар көп мәселе қамтылған екен. Соның ішінде “Біз, түптің түбінде, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс” деп табиғатты аялауға, үндесуге шақыруы үлкен ой салады. Жалпы табиғаттың заңдылығын бұзбау, қоршаған ортаны қорғай білу адамзаттың  болашағы үшін кепідік деп білемін. Сондықтан қоршаған ортаны, табиғат-ана берген сұлулықты сақтауды балаларға балабақша қабырғасынан үйретуге көңіл бөлуіміз қажет.
Сұхбат барысында Президентіміздің: "Менің басты мақсатым - мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу. Мемлекет басшысы болған сәттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді" - дегені әрбір қазақстандықтың Мемлекет басшысына деген құрметін арттыра түсірді деген ойдамын. 
Жалпы алғанда, Президентіміздің сындарлы ұстанымы   әлемнің көптеген мемлекеті үшін стратегиялық маңызы бар ел саналатын  Қазақстанның  болашағының жарқын болатынына деген сенімді арттыра түсті.

Светлана Жанғали,
«Айналайын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT