«Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендіру және IPO бойынша ресми сайтты іске қосты

  • Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ алаяқтық мақсаттарда пайдаланылатын жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін «Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендіру бағдарламасы мен IPO-ның мамандандырылған IPO.SK.KZ интернет-ресурсын іске қосты.
  • Сайт «Самұрық-Қазына» Қорының бағдарламасы туралы ресми және өзекті деректерді үш тілде ұсынады, навигация бағдарламаның соңғы жаңалықтарынан, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарынан және «Самұрық-Қазына» бренді мен оның портфельдік компанияларын пайдаланатын интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпараттан тұрады.
  • Платформада жекешелендірілетін активтер және IPO мен жекешелендіруге қатысу туралы қадамдық нұсқаулық, бағалы қағаздарға қаржыландыру негіздері мен қор нарығының жұмыс механизмдері туралы білім беру контенті, сондай-ақ ірі активтердің IPO тарихы жинақталған.
  • Айта кетерлік, бұл ресурс тек институционалдық инвесторларға ғана емес, сондай-ақ бөлшек (жеке) инвесторлар үшін де пайдалы болады.
  • Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандыққа қолжетімді IPO.
  •  
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT