Республикалық байқаудан 3 орын иеленді

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы орталығының бастамасымен «Мәдениет порталы» платформасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жылыой ауданының «Құрметті азаматы», ақын Аманқос Ершуовтың 80 жылдығына арналған қаламгерлер арасында «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар» атты республикалық эссе байқауы онлайн түрде ұйымдастырылған болатын. Барлығы 35 қаламгер шығармаларын ұсынған бұл республикалық байқауға «Ақша бұлттар арқалаған пәк арман» атты тақырыпта эссе жазған кітапханамыздың тұрақты оқырманы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Амандосов атындағы сыйлықтың иегері Сүйеу Халықов жүлделі III-орын иеленді.

Ұзақ жылдар бойы  Индер аудандық «Дендер» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметінде болып, абыроймен зейнеткерлікке шыққан Сүйеу ағамыз бүгінде кітапханамызда өткен әр шараға белсене қатынасып, өз білеген-түйгенін жас ұрпақтың санасына сіңіруде көп еңбек етуде.

Оқырманымызды бүгінгі жетістігімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.

Индер аудандық кітапханасы ұжымы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT