Отан қорғау – адал міндет, зор мәртебе

Индербордың жаңа мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған "Біз Отанның ұланымыз!" атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара Қазақ Елінің Гимнімен ашылып, аудан әкімі Мейірім Қалауи индерліктерді айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар аудан басшысы Мейірім Жоламанұлы Отан алдында интернационалдық борыштарын адал атқарған бір топ Ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік медальдарын табыс етті. Сондай-ақ облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің грамотасымен көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, «Делфин» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Бижанов Абзал Жұмабайұлы, Жамбыл, Б.Нысанбаев, М.Сиранов атындағы орта мектептердің әскери дайынық пәнінің мұғалімдері Жұмашев Қуат Хамидоллаұлы, Асқаров Сұлтанбек Қаленұлына, Жаңбыров Бексұлтан Құлынбайұлы аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Ертеңгі күні Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған Нұрдәулет Махусанов, Ақжол Маратов, Әнуар Маратов, Данияр Ғаббасов, Қыдыр Айбар сынды бір топ жастар да аудан басшысының қолынан аманат хаттарға ие болды.

Мерекелік шараның келесі бөлімінде индерлік көрермендер «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің тамаша концертін тамашалады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT