Көрісу күні ауданда өтетін шаралар легі белгілі болды

Дәстүрлі көрісу күніне орай аудан орталығындағы саябақта өтетін іс-шаралар жоспары жасақталып, оны іске асыратын тиісті басшылар мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Атап өту керек, бұл ісшаралар орталық саябақта 13 наурыздағы таңертеңгі сағат 10:00-ден  басталады. Киіз үйлер тігіліп, кәсіпкерлерді тарта отырып, жәрмеңке, сауда-саттықтар да қатар жүретін болады. Қолөнер бұйымдарының және жерлесіміз Т.Халиннің «Өрнектелген сырлы өлкем» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылады. Наурыз көже пісіріліп, мерекелік концерт, сондай-ақ ұлттық ойындар ойналады.

Соның ішінде алтыбақан тігіліп, асық ойыны, қазақша күрес, қол күресі, бұқа тартыс, аударыспақ ұйымдастырылмақ. Қазан көтеріліп, наурыз көже пісіруге жеті округ пен аудандық аурухана, «Таңат» кооперативі, «Жасыл аймақ», «Индерсу» КМК, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, балық қорғау мекемелері үлестерін қосады. Бауырсақ пісіріліп, атап айтқанда «Индер-Мәдениет» КҚМК, шығармашылық орталық, көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі, «ИСИ ГИПС-Индер» ЖШС, тағы басқалары киіз үйлер тігеді.

Киіз үйлер алдында қазақтың сал-серілері сауық құрып, жаржар, қыз бен жігіт айтысы, келін түсіру, тұсау кесу, беташар, «Әсем әуен» ансамблімен біріге отырып, саумалық, жарапазан айтылады. Қамшы ілу, шеге шапан, құда түсу, бастаңғы салттары өткізіледі.

Аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов бекіткен бұл шараға көпшілікті шақыра отырып, «Волонтер-2020» «Бізбіргеміз» еріктелерден құрылған білім, спорт, дәрігер, ҮЕҰ мүшелерінің флешмобымен қорытындыланатын болады.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521