Колледж түлектері қанат қақты

Қырық жылдан астам тарихы бар Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі тағы бір оқу маусымын тәмамдады. Биыл киелі білім ордасы 98 түлекті қанат қақтырып, сән-салтанатпен шығарып салды.

Елімізде орын алған коронавирус пандемиясына орай тұңғыш рет «ZOOM» конференциясы арқылы өткен салтанатты жиынға қатысқан колледж директоры Бағытжан Құнас оқу жылының аяқталуымен және бітіруші түлектерді құттықтап, сәт сапар тіледі.

Сондай-ақ ол түлектерге кәсіби білімдерін еңбек айдынында жетілдіріп, еліміздің экономикасы мен әлеуетінің өркендеп дамуына үлестерін қосып, мамандықтарының талай асу белестерін бағындыратынына сенім білдірді.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында барлығы 98 студент «Фермер шаруашылығы», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі» және «Фермер шаруашылығы» мамандығы негізіндегі «Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер» біліктілігі бойынша бітіріп шықты.

Ал олардың ішінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Айзада Рахимова «Үздік» диплом алды. Қашықтық конференциясы арқылы өткен жиында сөз алған ІІІ курс топ жетекшісі Балғын Мырзахметова түлектерге “Диплом алу – өмірлеріңіздегі ұмытылмас, қуанышты есте қаларлық сәт” екенін айта келе, шынайы ниетпен тарихы терең білім ордасын тәмамдап жатқандарға денсаулық, бақыт пен сәттілік тіледі.

Жалпы, бұл күні бітіруші түлектердің ата-аналары да оқытушылар құрамына дән риза. Себебі, сапалы білім, саналы тәрбие берген колледж ұжымына олардың алғыстары зор.

Енді, ауылдық елді мекендердегі түлектер дипломдарын карантин уақыты аяқталғаннан кейін алса, ал қалған кент басындағыларға бір-бірден келіп алуға мүмкіндік беріліпті.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521