Орталық кітапханада «Кітап. Кітапхана. Оқырман» атты жылдың оқырман бенефисі шарасы өтті.
Мақсаты – кітапты өзіне серік еткен кітапхананың үздік оқырманын анықтау. Шараға оқушылар шығармашылық орталығындағы «Сөз мерген» үйірмесінің жетекшісі Салтанат Тайбақтиева шәкірттерімен бірге және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертлеуов пен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кеш соңында аудандық орталық кітапхана директоры Дина Аренова шара қатысушыларына алғысын білдіріп, кітапхана мен оқырман әркез егіз ұғым екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, Мөлдір Боранқызына «Үздік оқырман» лентасын тағып, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ