Индер ауданында короновирус індетін жұқтырушылар көбеюде

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 жағдай туралы ақпарат (21.06.2020 жылғы мәлімет бойынша)

COVID-19 жұқтырған 33 адам Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 32-сінен вирус скринингтен өту барысында анықталған , ал біреуі инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Сондай-ақ тағы 5 жағдайдың біреуі Исатай ауданының 1963 жылы және Индер ауданының 1953 жылы, 3 – еуі Махамбет ауданының 1957, 2000, 1994 жылы туған тұрғындарынан тіркелді.Барлығынан инфекция скринигтен өту кезінде анықталған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 21.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1440 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 1095 .

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT