Күнделікті жоспарға сай Индер ауданында көктемгі су тасқынына қарсы кезекті штаб отырысы өтті.
Айта кету керек су тасқынының алдын алу мақсатында штаб құрамымен аудан бойынша қауіп төндіріп тұрған 4 учаскеге жауапты тұлғалар бекітілген.
Жарсуат ауылдық округі бойынша аудан әкімі Д.Шамұратов;
Құрылыс елді-мекенінінде аудан әкімінің орынбасары А.Мурзин;
Өрлік ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Ә.Оразғалиев;
Есбол ауылдық округіне маслихат төрағасы А.Рамазанов қадағалау жүргізуде.
Сонымен қатар, аудандық ТЖД-нің жеке құрамы, ауылдық округтердегі мекеме қызметкерлері мен еріктілер жұмылдыруда.
Жалпы ауданда су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Барлық учаскелер арнайы техникалар мен кажетті құралдармен қамтылған.
Қазіргі таңда, аудан бойынша аталған жұмыстарға 51 арнайы техника жұмылдырылса, алдағы уақытта қосымша 19 техника тартылмақ.
Жайық өзенінің деңгейі - 70 см. Әзірге қауіп жоқ. Ахуал қалыпты.