Индер ауданы аумағында шектеу шаралары ұзартылды

Индер ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және (COVID-19) короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Шолпан Ержанова іс-шаралар бекітіп, қаулы қабылдады.

Мен, Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ержанова Шолпан Абаевна, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4 тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №306 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлығы, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын және Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 сәуір 2020 жылғы №31 ПГВр «Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және (COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу туралы іс – шаралары» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 сәуір 2020 жылғы №34-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын басшылыққа алып, «Индер аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің №102-1915-04 ережесіне сәйкес және Атырау қаласында коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуына, сондай–ақ коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Индер ауданы аумағында шектеу шаралары 2020 жылғы 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылсын;

2. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау, сондай –ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында: 1) Индер ауданы тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына тұрғылықты жерінде сағат 21.00 –ден таңғы сағат 06.00-ге дейін аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық – эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару және төтенше жағдайлар қызметкерлерін, жұмысқа бару (анықтама негізінде), медициналық көмекке жүгінуді қоспағанда, Индер ауданы тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады. Мыналарды қоспағанда:

- Азық-түлік, қажетті заттар, дәрі –дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

- Жұмысқа бару;

- Медициналық көмекке жүгіну; Стратегиялық өндіріс обьектілеріне, байланыс құралдарын қамтамасыз ететін - телекоммуникация жұмысшыларына (ресми мәліметі көрсетілген анықтама және жұмыс орнынан анықтама ұсынған кезде) рұқсат етілмеген адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз жүруге рұқсат етіледі;

2) Аудандар арасында ресми және бейресми (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына, сондай-ақ ауыл арасында ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен мен жолаушылар тасымалына тыйым салынады; Кент аралық, кент ішілік ресми жолаушы тасымалдаушы көліктер және автобустар (маршрут), такси көліктері әрбір қозғалыстың алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеу жүргізсін. Қозғалыс уақытына таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 21.00 аралығында рұқсат етілсін;

3) Аудан бойынша супермаркет, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай бекеттеріндегі сауда нүктелері, дәріханалар және қажетті тауарларды сату жұмысы кешкі сағат 20.00-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін тоқтатылсын, оның ішінде дәріханаларға «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;

4) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

5) Тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолды өңдеуге арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

6) Балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 50 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырсын;

7) Азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшектерін сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары, құрылыс материалдарын сататын сауда орындары, моншалар, сауналар, спорт кешендері, сұлулық салондары, массаж кабинеттері, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын;

8) Мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысына 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін. Салтанатты шағын отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдауға қатаң тыйым салынсын;

9) Төтенше жағдай кезінде күндізгі және түңгі уақытта салтанатты отбасылық мерекелерді (қонақ күту және бару, туған күн, үйлену тойлары, келін түсіру, құдалық және т.б. 3 адамнан артық қонақтар жиналған кезде) өткізуге тыйым салынсын;

10) Меншік түріне қарамастан мектепке дейін білім беретін мекемелердің қызметі тоқтатылсын;

11) Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға көшіру (техникалық мүмкіндікті пайдалана отырып, жедел көшуді қамтамасыз ету), оның ішінде барлық білім бағалау түрлерін өткізу;

12) Екінші деңгейлік банк филиалдары, пошта байланыс қызметі және жеке нотариустар жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін кезекпен қабылдауды ұйымдастыру кезінде банкоматтар мен кассаларда және сату – сатып алу алаңдарында 3 адамды ғана обьектіге кіргізуге және кезекке тұрған кезде 2 метр әлеуметтік дистанциялық ара қашықтықты сақтауды және санитариялық – дезинфекциялық шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін; Екінші деңгейлік банктер және «Қазпошта» АҚ филиалы тұрғындарды жұмыс сағатында үздіксіз қолма – қол ақшамен, оның ішінде банкоматтарды қолма – қол ақшамен толтырып отыруды және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге;

13) Карантин кезінде қоғамдық орындарға: парктерге, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға, көшедегі ойын алаңдарына және азаматтардың басқа демалыс орындарына баруға тыйым салынады;

14) Тұрғындардың ауылдық елді мекендердің ішінде жүріп-тұруына шектеу енгізу;

15) Ауданның, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көлікпен жүруді шектеу;

2. Ауылдық округ, кент әкімдеріне:

1) Тұрғындардың ауыл ішінде жүріп-тұруына шектеу енгізу;

2) Ауыл ішінде жеке көлікпен жүруді шектеу;

3) Ауыл арасындағы жолаушы тасымалдаушы көліктер жұмысын таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін шектесін; әрбір қозғалыстың алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеу жүргізсін;

4) Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарға жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

5) Қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, аула алаңдарын, сауда орындарын, автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейтсін;

6) Кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;

7) Тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

8) Жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды баршаға көрінетіндей хабарлама тақталарына, LED экрандарына және басқа да осыған ұқсас жерлерге орналастырсын;

9) Кіреберістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалауды күніне кеміне 2 рет жүргізілуін қамтамасыз етсін;

3. Аудандық полиция бөлімі бастығына:

1) Карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

2) Азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шаралар күшейтілсін;

3) Отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата – анасының сүйемелдеуінсіз көшеде жүруіне тосқауыл қоюға;

4) Сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақсатан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдау және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтату;

5) Азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылау;

6) «Қазақстан Республикасында Президентінің 14 сәуір 2020 жылғы №306 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлығы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

7) Аудандық жедел штабтың тиісті мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырсын. Кент ішінде әрбір секторға қызметкерлерді бөліп, қадағалауды күшейтсін;

4. Аудандық орталық ауруханасының директорына:

1) Стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдайтын науқастарға баруға тыйым салуға;

2) Медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;

3) Денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

4) Медициналық персоналдардың іс-әрекеттерін қарау, тасымалдау, ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш құралдарымен тиісті деңгейде қамтамасыз етсін;

5) Карантиндік стационарда 4) тармақшадағы шараларды сақталуын қамтамасыз етеді;

6) Қашықтықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын, сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізу қамтамасыз етілсін;

7) Жедел респираторлық вирустық инфекциямен және жоғары температурамен түскен пациенттерді бөлек қабылдауды қамтамасыз етсін;

8) Карантиндік стационарда персоналдың қорғану шараларын сақтауды қамтамасыз етсін.

9) Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинақтауды және жоюды орталықтандырсын;

10) «Қазақстан Республикасында Президентінің 14 сәуір 2020 жылғы №306 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлығы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

5. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) Әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізу;

2) Ғимараттардағы жабдықтау мен ауа сору-сыртқа тарату желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

3) Жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз етсін;

4) Сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр 3 сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделермен, резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

5) Жеміс – жидек және көкөніс дақылдарын қоспағанда, азық – түлік тағамдарын қапталған және қорапталған күйде сату;

6) Келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен кіргізуге рұқсат берсін. Бетпердесіз келген тұтынушыны бетпердемен қамтамасыз етсін;

7) Дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде нысандарды үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз етсін;

8) Кассаға дейінгі 2 метр сыртына қосымша қоршаулар орнатылсын;

9) Кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, азық-түлік дүкендеріне кірер алдында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақта жасалсын;

10) Шаруашылық субьектілеріне азық – түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;

6. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімі басшыларына, округ, кент әкімдерімен бірлесіп:

1) Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша аудан аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін;

7. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына, Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысына(электрмен, жылумен,сумен жабдықтау және басқалар) округ, кент әкімдеріне:

1) Төтенше жағдайды ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

2) Су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз етсін;

3) Қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (қорғаныш бетперделермен,қорғаныш көзілдіріктермен және резеңке қолғаптармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмасын;

4) Жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейтсін;

5) Негізгі технологиялық процесске байланысты емес қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанасына ауыстырсын;

8. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына тыйым салу:

1) Мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізуге;

2) Ұйымдарымен кәсіпорындар қызметкерлерінің ауданнан тыс жерлерге баруға;

3) Халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту;

9. Аудандық «Қазпошта» байланыс торабы басшысына:

1) Тұрғындарға қызмет көрсететін қызметкерлердің бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетпердемен қызмет көрсетілуін, пошта, хат – хабарлармен байланысты жұмыстарды жеке қорғаныш құралдарымен (халат, маска, қолғаптар) жүргізуді қамтамасыз етсін;

10. Индер аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) Карантиндегі стационарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;

2) Бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау;

3) Қалыптасқан санитариялық – эпидемиологиялық жағдайға сәйкес эпидемияға қарсы шаралардың жедел жоспарын жаңартып отыру;

4) Карантиндік стационарларда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіз тамақтануына бақылау қою;

5) Медициналық ұйымдарда қозғалу кезінде жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялық құралдардың бар – жоқтығына, қозғалысына мониторинг жасауды ұйымдастыру;

6) «Қазақстан Республикасында Президентінің 14 сәуір 2020 жылғы №306 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлығы,ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 сәуір 2020 жылғы №31 ПГВр «Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамамсыз ету және (COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу туралы іс – шаралары» қаулысының, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 сәуір 2020 жылғы №34-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

11. Жеке және заңды тұлғаларға:

1) «Қазақстан Республикасында Президентінің 14 сәуір 2020 жылғы №306 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлығы, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысы, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы,Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.04.2020 жылғы №31-ПГВр «Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау және Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

12. Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13 сәуір 2020 жылғы №2 «Индер ауданы аумағында қосымша шектеу іс – шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе ) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

13. Осы қаулы барлық мүдделі ведомостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін; Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті.

14. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

15. Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ш.Ержанова,

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521