"ЕМХАНАДА ЖЫЛУ НЕГЕ ЖОҚ?"

Сурет stan.kz сайтынан

Қазіргідей қақаған қыста жылусыз қалғаннан асқан қиындық бар ма? Жақында аудан әкімдігінің телеграмм чатында «Аудандық емханада неге жылу жоқ? Массаж алайын деп барып едім, іші қақап тұр, не сұмдық? Жылу батареялары салқын, басқа кабинеттерде терезе ашық» деген хаттар жиілеп кетті. Мән-жайды аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаевадан сұрағанбыз.

 – Аудандық емханада жылу қалыпты температурада беріліп тұр. Емделушілер күндегіше тиісті емін алуда. Күні кеше аудан әкімінің орынбасарының өзі де аяқтай келіп, жылудың қалыпты беріліп тұрғанына көз жеткізіп кетті. Рас, санитарлық талапқа сай белгіленген уақытта емхана ішінің ауасын тазартып алатынымыз бар, -деді бас дәрігер.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521