Елдің ертеңі үшін маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен қыркүйектің алғашқы күні қос палаталы Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жариялаған Жолдауында елдің демократиялық таңдау жолын жалғастыра түсу үшін биылғы жылы Президент сайлауын, келер жылы Парламент мәжілісінің депутаттары сайлауын өткізу жөнінде бастама көтерген болатын.  Елдің тағдырына ерекше алаңдайтын тұлғаның бұл идеясын халық пен қатар саяси сарапшылар да қос қолын көтеріп қолдап отыр.
Меніңше, бұл – дұрыс қадам. Өйткені, әлем де уақыт өткен сайын түрлі жағдайлар орын алуда. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан жаһандық өркениет көшінен қалмау – басты парыз. Оны саясатакерлер де ашық айтып отыр. Сонымен қатар өткен қаңтар оқиғасынан кейін Наурыз айындағы халыққа арнаған үндеуінен кейін Президент халық үніне құлақ асып, саяси реформалардың қолға алатынын атап көрсеткен еді. Нәтижесінде 5 маусымда референдум өткізіліп, Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізілген еді.
Соның жалғасындай болып қарашаның 20-ы Президент сайлауы болып жарияланды. Ал ендігі жылдың көктемінде өтетін Парламент және түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың 30 пайызы мажоритарлық үрдіспен өтетініне баса назар аударды. Бұл мәселе көптен сөз болып келе жатқан мәселе болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру тұжырымдамасы негізінде көтерілген бастаманың аясында еліміз демократиялық даму даңғылына түседі деген сөз. Өйткені, сайлау халықтың еркін білдіреді. Сондықтан да алдағы сайлауға жерлестерімізді біркісідей қатынасуға шақырамын.  

Серікқали ЖҰҚИЕВ,
Индербор кенті бастауыш
ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521