Чек талап етіп, жүлдеге ие бол!

Мемлекеттік кірістер комитетімен тіркелген касса машиналарының фискалды чек бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – чекті талап ет», «Чек талап ет-жүлде ұтып ал» акциясы іске қосылғанын хабарлайды.

Акцияның өткізу мерзімі 2020 жылғы 12 мамырдан 31-желтоқсанға дейін белгіленген. Қатысушы ұялы телефоны арқылы «Wipon» мобильдік қосымшасын жүктеп, өзінің жеке басының ақпаратын еңгізу арқылы акцияның қатысушысы бола алады, әрбір жасалған тауарға немесе қызмет түріне берілген фискалдық чекті жіберу арқылы күнделікті ойнатылатын 1000-5000 аралығында бірлікті ұтып алып, жүлдеге ие бола алады. Толығырақ ақпарат (https://www.facebook.com/dgdatyrau/videos/2670349383070187/) сайтында.

Акцияның басты мақсаты, азаматтық белсенділікті және азамттардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетті арттырып, көлеңкелі экономиканы болдырмау. Қоғамның бүгінгі сынына көп ұшырап отырған мәселе тұтынушыларға тауар сату мен қызмет көрсету кезінде фискалды чек бермеу фактілері немесе чек болып қабылданбайтын ішкі тауарлардың есебін жүргізу үшін берілетін чектер туралы шағымдар болып отыр.

- Қоғамның назарын осы белең алған көлеңкелі экономика көріністеріне қарсы қойып, облыс, қала, аудан көлемінде толықтай жойылуын қамтамасыз етіп, бюджетті толықтыруда қоғамдық бақылау шараларын жан-жақты күшейту керек. Чекті талап етушілер санын арттыруымыз тиіс, - дейді мамандар.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521