"Болашақтан" келіпті

 

Индербор кентінің байырғы тұрғыны Миянов Жұмаболат Өтепұлы "Интергаз- Орталық Азия" АҚ Индер желілік өндірістік басқармасында 40 жылдан астам жемісті еңбек етті. Қазір зейнеткерлік демалыста.
Бұрын кент орталығында көп қабатты үйде тұрғандықтан сайлау кезінде жақын жерден дауыс беретін. Қазір "Болашақ" мөлтек ауданына қоныс аударғандықтан осы колледжде орналасқан ✓113 сайлау учаскесіне дауыс беруге жолы түсіпті.
— Түнімен жауған жаңбыр әлі тыйылмауда. Ал біздің жаңа қалыптасып жатқан мөлтек ауданымызда әзір асфальт жол төселе қоймағандықтан балшық. Яғни қатынас қиындау.
Бірақ еліміз үшін маңызды күні көше балшық деп үйде қалай бей-жай жатайын. Отбасыммен бірге дауысымды беріп, өз таңдауымды жасауға келдім.
Жаңа сайланатын Президент елімізді өркендеу жолына бастай берсін. Жас ұрпақ аман болсын, — дейді ол.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521