Білместіктен қайғылы оқиға орын алмасын

Өрт қауіпсіздігінің алдын алуды кез келген тұрғын білуі тиіс.

Сондықтан төтенше жағдай қызметінің мамандары

«- ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;

- балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз, олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;

- қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;

- қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;

- бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;

- газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз, плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;

- шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды сақтамаңыз;

- тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ адамдардан жабық болуы керек;

тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық жұмыстар, атап айтқанда жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары қауіпті» деп ескертеді.

Ескерте кетер жайт, өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетіп отыр. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті.

Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, ал егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып, пәтерден шығыңыз. Түтінделген бөлмеде жылжығанда өзіңіздің үйіңізде де адасып қалуыңыз мүмкін – осы қауіпті есте сақтаңыз.

Сулы шүберектен демалыңыз. Түтінделген дәліздерден еңбектеп немесе жорғалап өтіңіз – төменде түтін азырақ болады.

Осы секілді қарапайым қағидаларды жиі насихаттау керек.

«Білмеген у ішеді» дегендей, білместікпен орын алған қайғылы жағдай орны толмас өкініштерге ұрындырып жатады.

Индер аудандық №5 ӨСБ бастығының орынбасары

азаматтық қорғау аға лейтенанты

А. Ерғалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521