БАТЫР ҚЫЗДЫ БАПТАҒАН...

«Бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» дейді емес пе. Расында да, әке тәрбиесі мен ана тәлімі бала бесікте жатқан сәтінен бастап-ақ санасына сіңіп, тұла бойына дариды. Әкенің салған дара жолымен абыройын асқақтатып жүрген ұл-қыздар қаншама. Солардың бірі дзюдо күресінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жастар арасында самбо күресінен әлем чемпионы Саида Қапсалықованың әкесі Ерлан Өтешов жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.

Өтешов Ерлан Қапсалықұлы 1968 жылы ақпан айында Өрлік ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі Өтешов ІІ Қапсалық дүниежүзілік соғыстың, ал анасы Орынша Жұмабаева тыл ардагері. Он екі құрсақ көтеріп, барлығын өсіріп-жетілдірген. Кейіпкеріміз ауылдағы қазіргі Қ.Абаханов (бұрынғы Өрлік) атындағы орта мек тепте орта білімді алған соң, қазіргі Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінен Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС «электрик» мамандығын алып шығады.

Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, «Атырау-Жарық» мекемесіне орналасып, әлі күнге сол жерде еңбек етуде. 1991 жылы жары Ләйла Қайреденовамен отбасын құрып, ұрпақ сүйді. Ләйлә балаларына отбасында әкенің абыройын балаларының са насына сіңіріп өсіріпті. Ұлы Саддам Орал қаласындағы Батыс Қазақстан университетін тәмамдаған соң, мамандығы бойынша Атырау қаласындағы «КЕGOC» АҚ мекемесіне жұмысқа орналасқан.

Келіні Жания Ясмина, мектепте Радмир, мұғалім. Сардар, Томирис есімді немерелері бар. Қызы Саида дзюдо спортына 13 жасында барыпты. Атырау қаласындағы спорт мектебінен ауылға спортқа қабілетті жас балаларды іріктеуге келген топ құрамының көзіне түсіп, Атырау қаласындағы №34 мектеп-гимназиясына қабылданады.

Кейін бапкерлерінің қолдауымен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде, Х.Досмұхамедов Атырау атындағы университетінде білім деген алады. Мамандығына сүйіспеншілігі Саи даны одан әрі жетілдіріп, Атырау қаласы жоғары спорт шеберлігі мектебінде еңбек жолын бастайды. Кейін Аста на қаласындағы «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК-да әдіскер болып орна ласса, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінде қызмет атқарады. Саида қазақ күресі, дзюдо, самбо күресінен спорт шебері атағын алған.

– Мен – отбасындағы оныншы баламын. Ата-ана мыз барлығымызды адал еңбектерімен бағып өсірді. Адам бол деді. Жарым Ләйла екеуміз бір сыныпта оқыдық. Жарым да көпбалалы қарапайым отбасында дүниеге келген. Ұл-қызым бар. Екеуі де өз қалаған мамандықтары бой ынша білім алып, қазір еңбек етіп, табысын тауып отыр. Бала тәрбиесінде жолдасым екеуміз әуелі білім алыңдар, одан соң ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбек етіңдер, қарапайым болыңдар деп үйреттік. Сол айтқанымызды орындап, түзу жолмен жүрсе, ата-ана үшін сол бақыт. Төрт немерем де өнерден кенде емес. Бірі сурет салады, бірі әдебиетке жүйрік. Ұлым менің ізімді жалғап, элек трик болып еңбек етеді. Қызым өткен жылдары ауыл да ашылған спорт мектебінің лентасын қиып, спортшы балаларға шеберлік сағатын өткізді. Спортты жақсы көреді, алдағы уақытта әлі де олимпиадаларға қатысып, еліміздің көк байрағын биікте желбіретуді мақсат етеді. Әкелер күні мерекесі қосылғанына қуаныштымын. Өйткені, әкенің тәрбиесі, көзқарасы бөлек болады. Үйдегі алтын қазық ана десек, әке – асқар тау. Сондықтан ата-ана құстың қос қанатындай бірге болғанда ғана бала дара да, дана да болады. Әке тәрбиесін көрген перзент батыл болады, - дейді Ерлан Өтешов бізбен әңгімесінде.

Иә, әке – шаңырақтың иесі болғандықтан, материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету ба сты міндеті. Алайда, ешқандай бағаға сатып алмайтын басты қазына – отбасы, бала-шағасы. Сондықтан, бала үшін еңбегі де бар, жүрегі де бар әке тәрбиесінің орны ерекше.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521