Еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, ел қамын жеп өткен ақберен батыр, ақын Махамбет Өтемісұлының қаза болған күніне орай тағзым ету шарасы ешқашан естен шығып көрген емес.
Биыл да сол үрдіс бойынша Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, ақын Қойшығұл Жылқышиев бастаған құрамында Ғылым докторы, геология профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нәсіпқали Сейітов, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек Мұхтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Жангелдиев, театрдың көркемдік жетекшісі, "Махамбет атындағы сыйлықтың иегері" Мұқанғали Томанов, бүгінгі күнгі Махамбетті сомдаушы актер Мырзабек Макулов сынды өнер иелерін аудан әкімі Салауат Өтеғұлов күтіп алып, Қаройға сапар шекті.
Батыр рухына құран оқылып, ел үшін жанын қиған ақынның шығармалары әңгіме өзегіне айналды.
Жанай АМАНТУРЛИН