БАСТЫ БАҒДАР – ӨРКЕНИЕТКЕ ЖЕТІЛУ

Қазіргі заман техника мен ғылым  жаңалықтары үдерісті дамыған за ман, жалпы дүниежүзілік мәдениеттің  өрлеу заманы. Мұны қарты бар,  жасы бар, қоғамның тұрғындары  әрқалай түсінеді, әрқалай тіршілік  етеді. Себебі, олардың дүниетанымы,  сана-сезімі үнемі жетілу үстінде.  Егде жастағы зейнеткерлерімізді  айтпағанның өзінде орта және жоғары  білімділер, әртүрлі салалардың  мамандары мен қызметкерлері  қазақстандық өркениеттің өрлеуіне  қандай үлес қосуда?

 Олардың жұмыстарында  тиянақтылық болмаса, атқарылған  істің сапасына жете назар салынбаса,  еңбек өнімділігі ескерілмей іс жүзіне  аспаса, өгізаяңмен жүргізілсе, қолда  бар техника мен ғылым жетістігі іскерлікпен жүзеге аспаса, осынау  экспресс заманына ілесу, тіпті де мүмкін емес. Жайма-шуақ қоғамда  асықпай жұмыс жасау – бұл қазіргі әлемдік даму үдерісінен жосықсыз  артта қалу дәуірімізге сай толыққанды, саналы адамдарға үлкен сын. 

Жақында ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің байырғы  аға газеті «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Біз озық  ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды  танып, тек алға ғана қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар  бәрінен жоғары тұруы тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Тағы да  қайталаймын, еңбекқорлық, білімпаздық, бірлік, кәсібилік, ынтымақ,  жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық  және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен  құндылықтар. Халқымыздың  қуатын арттып, табысқа жетелейтін осын дай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына  сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз», - деп өте маңызды  мәселелерді көтерді. 

Әрине, Президенттің нұсқауы мен ақыл-кеңесін халық қолдайды.  Меніңше қолдау тек қана ауызша үгіт пен жазбаша насихат ретінде  ғана емес, жедел еңбек серпінімен, албырт іс-қимыл үдерісімен  сабақтас жүруі керек. Әйтсе де әділ және бәсекелі экономика, ғылыми  негіздегі жоспар, экономикалық, қоғамдық-саяси, гуманитарлық сала ларды атқаруда ізденісімізде баяулық басым. Тәрбие мен парасаттық  тұрғыда әлде де шетелдік жат пиғылдардың қоғамымызды әлсіретуге  бағытталған жосықсыз істеріне жете мән бермеу салғырттығы қоғамды  ілгері бастыруға кедергі болуда.

Бұған бұдан екі жыл бұрынғы қасіретті  қаңтар оқиғасы дәлел. Бейбіт шеру жаппай төбелеске ұласты. Соның  салдарынан үш миллиард шығынға ұшыратты.  Мәдениет пен сауда орындары зардап шекті. Дүкендер мен мей рамханалар қирады. Бұл жастарды осындай дүрбелеңге ұшыратқан  мемлекетті ескі бақылау  жолымен жүргізуді аңсаған бұрынғы төрешіл  олигопия диктатурасын көксегендердің қитұрқы әрекеті еді. Халық  олардың өрескел жоспарларының орындалуына  жол бермеді. Одан бері  екі жыл болды. Қазақстан бейбіт жолмен өркендеп, әлемдік өркениетті  елдердің қатарында жасампаздық жолмен дамып келеді.

Қасым-Жомарт  Тоқаев өркениетті қоғам орнатудың басты бағыттарын айқындады. Сол  сара бағыт-бағдармен жүріп келеміз. Міне, 2024 жылға аяқ бастық.  Табысты, бейбіт, шаттыққа толы жыл болғай! 

Кеңес САХИ,  

Қазақ журналистикасының қайраткері, 

ауданның Құрметті азаматы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT