"Балдәурен" бөбектері облыста бақ сынайды

Ауданда мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілері арасында «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық-интеллектуалдық эстафета өтті.

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы бұйрығы негізінде балалар-жасөспірімдер спорт мектебі базасында ұйымдастырылған бұл байқауға аудан көлеміндегі бөбекжай бақшаларынан 4 топ сынға түсті. Алты бағыт бойынша, бір спорттық, бір инттелектуалдық тапсырма арқылы олардың жылдамдығы мен білімділігіне назар аударылды.

15 метр ара қашықтықта велосипедпен бару, 2 метрлік кеглилер арасымен жүгіріп өтіп, допты гимнастикалық шеңберден шығармай қою, фитбол шарының үстіне отырып 5 метрге секіріп жету секілді әрқилы тапсырмалар берілді. Сонымен қатар әр сайыс ішіндегі кубок әріптермен сөздер құрау, сандарды ретімен орналастыру, қосу мен азайтуға лезде есептер шығару сынды тапсырмалар балдырғандарға жеңіл болмағанымен, барлық топ намысты қолдан бермеу үшін барынша тырысып бақты.

Нәтижесінде, «Балдәурен» бөбекжайы шапшандылық танытып, бас жүлде мен облысқа жолдама ұтып алды. Ал «Айналайынның» еркелері екінші орынды қанжығаласа, «Райхан» мен алыстан ат терлетіп келген елтайлық «Қызғалдақ» балабақшасының кішкентай балғындары үшінші орынды теңдей бөлісті. Жүлдегерге медальдар мен кубоктер сыйға тартылды.

Сайысты аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Т.Қарасаев жүргізіп, шығармашылық орталық басшысының орынбасары А.Қоңыров бас төреші болса, спорт саласы мамандары Н.Қадрмбетов, С.Меңдігереев, А.Қапезов төрешілік етті.

Айта кетейік, бас жүлде иегерлері наурыз айында облыстық сайыста бақ сынайтын болады.

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521