2021 жылдың қыркүйек айының 17-18 (жұма, сенбі) күндері күндізгі сағат 09:00-19:00 аралығында Индер ауданының полицейлері Полиция бөлімінің жанындағы «Индер АПБ фейсбук парақшасында» онлайн режимде «Жолда қабылдау» акциясын өтуде.
Басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Сонымен қатар індеттің қауіптілігі ескеріле отырып, үйіңізден шықпай-ақ әлеуметтік желі арқылы Индер ауданы полиция бөлімінің ресми парақшалары арқылы ішкі істер органдарына қатысты сауалдарыңызды жолдауларыңызға толық мүмкіндік бар.