Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысы ардагерлерін құрмет тұтуға арналған кеш Индер аудандық мәдениет үйінде өтті.

Көрермендер алдымен сахнадағы лед экран арқылы жерлес жауынгерлердің жат жердегі соғыс кезі мен бейбіт өмірдегі суреттерімен әсерлі бейнероликті тамашалады.

- Ауған еліндегі ұрыс қимылдарына Қазақстаннан 22 мыңнан астам адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. Мыңнан астам жауынгер өз жеріне оралып, соғыстан алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл статистикалық деректер болғанымен қаншама адамның тағдыры, қаншама отбасы қайғысы. Біздің ауданымыздан да 50-ден астам адам сол соғыста қатынасса, күні бүгінде 31 ардагер ортамызда. Әрдайым орталарыңыз сиремей, жастарды патриоттық рухта тәрбелеуде үлгі –өнеге бола беріңіздер, - деді аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.

an-1

Сондай-ақ ол бір топ ауғандық ардагерлерге мерекелік медальдарды омырауына тақты.

Аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Самат Әйтимов құттықтау тілегін жолдады.

Ұлағатты кеш Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасы студенттерінің «Шалқиды әуен» атты мерекелік концертімен жалғасты.

an-2

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз