Атырауда жастарға терроризмді насихаттаған топ ұсталды

Фидеодан алынған кадр/facebook.com/dvdatyrau

 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, топ құрамында Құрманғазы ауданының 4 адамы болған.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері 16 маусым күні сағат 7:30 шамасында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады. Күдіктілер – Құрманғазы ауданының 39, 35 және 33 жастағы тұрғындары. Ұсталған күдіктілердің бәрі Құрманғазы ауданының жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Олардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 пышақ тәркіленді. Айғақ заттардың бәрі қылмыстық іске тіркелді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда деструктивті діни ағым өкілі тұратын үйдің ауласынан марихуана табылғанын хабарлаған едік.

Деструктивті діни ағымды ұстанатын 2000 жылғы тұрғынның Атырау қаласындағы үйінің ауласына тексеру іс-шарасын жүргізді. Тексеру кезінде жалпы салмағы 90,2 граммды құрайтын марихуана есірткі затын тәркіледі. Деструктивті діни ағым өкілінің бұрын сотталғаны анықталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521