Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды

Атырау қаласындағы емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, бұл - өңірде тіркеліп отырған бірінші оқиға.

- Тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау - облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасымен жасанды вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін алдын алу шаралары жан-жақты жүргізілуде. Өңірдегі барлық екпе пункттерінде бейнебақылау камералары орнатылған. Медицина қызметкерлерімен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жасаған рейдтік шара кезінде белгілі болды. Бұл - тек жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет, - деді ол. 

Қазіргі таңда медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз