Атырауда жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 86,9 пайызды құрайды

Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Айтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы – 1634,9 шақырымды құрайды. Оның қазіргі таңда 1421 шақырымына тас жол төселген, қалған 213.9 шақырымы тас жол төсеуді қажет етеді.

Бүгінгі күні қаладағы және елді мекендерде жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 86,9 пайызды құрап отыр, -деді Самат Айтқалиев. Еске сала кетелік, осы жылы ауыспалы нысандар бойынша (Бейбарыс, Мәденов, Әуезов, Канцев, көшелеріне және Балықшы ы/а мен Зарослый ы/а дейінгі» тас жол аралығына) жыл аяғына дейін 9,8 шақырым жолды қайта жаңғырту көзделіп отыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521