Атырауда түйелер қырылып жатыр

Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жануарлар Теңіз мұнай-газ кен орны орналасқан Жылыой ауданында қырылып жатыр. Аққызтоғай ауылында 10-нан астам жануар өлсе, кейін Құлсары аудан орталығындағы жеке қораларда түйелер қырыла бастаған. "Су мен шөптің сынамасы алынды, бірақ Атырау зертханасында ешқандай ауытқу табылмады. Қазіргі уақытта тағы да сынама, соның ішінде жануарлар жайылған жайлаулардан да сынамалар алынды", - деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев. Еске салайық, көктемде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бір жарым мың қой жаппай қырылған еді. Олардың неден қырылғанын анықтау үшін бірнеше ай қажет болды. Кейін астаналық мамандар "шешек ауруы" деген диагноз қойды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз