Атырау облысында жол жөндеуге 8,6 млрд теңге жұмсалады

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депуатттарының сауалына жолдаған жауабына сүйенсек, биыл Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы жергілікті маңыздағы жолдарға 50,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту мақсатына республикалық бюджеттен 209,6 млрд теңге, оның ішінде құрылыс пен реконструкциялауға 62,6 млрд теңге, күрделі және орташа жөндеуге (жалпы сипаттағы трансферттермен) 147 млрд теңге көзделген. Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарына 50,2 млрд теңге қарастырылған (Батыс Қазақстан облысы 26,8 млрд теңге (республикалық бюджеттен – 4,9 млрд теңге, жергілікті салық төлемдерінен – 21,9 млрд теңге), Ақтөбе облысы 14,8 млрд теңге (РБ – 0,6 млрд теңге, ЖСТ – 12,1 млрд теңге, ЖБ – 2,1 млрд теңге) және Атырау облысы 8,6 млрд теңге (РБ – 2,7 млрд теңге, ЖСТ – 4,3 млрд теңге, ЖБ – 1,5 млрд теңге)», - деп жазылған құжатта.

Бұл қаражатқа 2023 жылы Батыс Қазақстан облысындағы 329 шақырым, Ақтөбе облысындағы 216 шақырым және Атырау облысында 51,5 шақырым жолға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмек.

«Нәтижесінде жергілікті желідегі автомобиль жолдарының жағдайы Батыс Қазақстан облысы бойынша 46%-дан 52% дейін, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша 72%-дан 74% дейін жақсарады. Қосымша қаржы бөлу мәселесі республикалық бюджетті нақтылау және/немесе қалыптастыру мүмкін болған кезде белгіленген тәртіппен қаралады», - деп жазады Әлихан Смайылов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз