АШЫҚ ТЕРЕЗЕГЕ АБАЙ БОЛАЙЫҚ!

Жыл сайын елімізде бүлдіршіндеріміздің көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап, жазым болып кету фактілері жиі орын алып отырғаны жасырын емес.

Бұл ретте сала мамандары құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың тәртібіне бақылаудың жеткіліксіздігінен, терезелерді жабуды ұмытып кетулерінен, терезелерде блокираторлардың немесе терезе тұтқаларының болмауынан, балаларға өз бетінше терезелерге шығуға мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және жабық терезенің иллюзиясын жасайтын маса торларының болуы салдарынан болып отырғанын айтады. Айталық, мұндай факт бойынша облыс аумағында 7 жағдай тіркелсе, соңғы 3 жылдың бедерінде ауданымыз бойынша 2 оқиға орын алған екен.

– 2021 жылы 2017 жылғы ер баланың 3 қабаттың терезесінен, былтыр 2018 жылғы қызбаланың 2 қабаттың терезесінен құлауы орын алды, – дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Ербол Ғабитов.

Балалардың жарақат алу немесе қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, атаанасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы салдарынан орын алып жататынын айтады мамандар. Терезеден құлауды болдырмау үшін ата-аналар тарапынан өз балаларына бақылауды күшейтуі қажет.

-Балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында, қала және аудан аумағында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер мен мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің жоба-сметалық құжаттарын қарау кезінде, терезе жармасының кең ашылуын бұғаттайтын арнайы қауіпсіздік құлыптарымен жабдықтау шаралары жасалғаны жөн, – дейді сала басшысы.

«Сақтансаң – сақтармын» демекші, жайсыз оқиғаға тап болып, опық жемес үшін тиісті талаптарды сақтаған орынды. С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT