Қарақат Әбден жастармен кездесу өткізді

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Жезқазған қаласына ат басын бұрған үміткер жергілікті сайлаушылармен, жастар қауымымен кездесті.
Жиын барысында жастарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды. Олардың қатарында орта техникалық және жоғары білім, жатақхана мәселелері бар. «Ертеңгі үмітіміз, болашағымыз – жастар. Олардың жағдайын қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз. Жастарға бүгінгі көмек — бұл біздің ертеңгі күнімізге тікелей инвестиция. Бүгінгі кездесу барысында көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Жастардың қоғамдық мәселелерге белсене араласып жүргені қуантады. Олар түрлі өзекті сауалдарды жолдап, ерекше идеяларымен бөлісуде», - деп жеткізді өз сөзінде Қ.Әбден.
Бұдан бөлек, жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қыздардың үйлесімді тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде де сөз қозғалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз