Ақынды көрген адам бар

 Әлі күнге жата-жастана газет оқитын айналайын ауыл адамдары-ай. Өткен жексенбіде бөденелік Есентай Дәуітбаев ағамыз телефон шалып, «Атырау» газетінің 24 қаңтардағы санында шыққан «Төрт аяғы тең жорға» атты ҚР ҰҒА корреспондент –мүшесі Бауыржан Омарұлының мақаласындағы Дәулетқали Мұратұлын көрген адам барын айтты.

Темірді қызғанда соқ деген жексенбі күнгі қолдың бостығын пайдаланып, Есентай ағамызбен бірге Махамбет ауданына қарасты Ақжайық ауылына жедел жолға шықтық. Ондағы мақсатымыз - Дәулетқали туралы Баукеңнің қолына тимеген тың деректер табылып қалар ма екен деген ой. Сонымен көп кешікпей көздеген жерімізге жетіп, Мүти Теміров деген ағамыздың үйіне келдік. Амандық сұрасқан соң негізгі шаруамызды айттық. Ағамыз 1931 жылы туған екен. Өмір бойы осы маңдағы «Ақтөбе», «Энгельс» колхоз, совхоздарында мал бағып, абыройлы болыпты.

-Мынау Дәулетқали. Мен оны көрдім, - деді газеттегі үш суреттің біріншісі, яғни Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Шыныбай Пірімбаевтың салған суретін нұсқап. Мал соңында жүргеннен кейін ақынның шығармашылығы жөнінде басқа дерек бере алмайтынын айтты.

Сондай-ақ тағы кім біледімен жасы 80-нен асқан Калима Есенғалиқызы апамызға барғанда:

-Дәулетқали 1950 жылдардың ішінде көшіп келді. Ұзынша келген қара кісі. Бакиза деген ауыратын қызы болды. Әркімнің тезегін жинап жүретін. Ол туралы газетке шығып жатыр, оқып отырмын,- дейді терезенің алдындағы «Атырау» газетін меңзеп.

Қалай дегендеде бұл мәлімет Дәулетқали Мұратұлын көзі көргендердің пікірімен құнды. Ақынның есімі осылайша жаңғырып, халық санасынан орын ала берері сөзсіз.

Ж.АМАНТУРЛИН

Махамбет ауданы

Ақжайық ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521