АЛТЫ ЖАСАР ҚЫЗ АУДАН ӘКІМІНЕ ЭСТАФЕТАНЫ ЖОЛДАДЫ

Жақында индерлік алты жасар Мейірім Жәнібекқызы Индер ауданы әкімі Мейірім Қалауиға ұлы ақын, ағартушы, дана Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын жолдаған болатын.

Желіде тараған бұл эстафетада алты жасар қыз Абай атасының «Күз» өлеңін таңдап, оны бал тілімен әдемі, нақышына келтіре оқып берді. Бұл жөнінде Мейірімнің анасы Айнамкөз Хасанова: -Орал қаласына демалыста жүрген кезімізде Мейірім Абай атаның осы өлеңін оқып жүрді. Содан әкесі Президент жолдаған эстафетаны қарап, бізде есімі ұқсас аудан әкімі М.Қалауиға жол-дағанды жөн деп санадық,-дейді ақжарқын кейіпте. Айта кетейік, алғаш тоғыз жастағы Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT