Айгерім - жоба жеңімпазы

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Жас ғалым-2020» атты Республикалық мектеп оқушылары арасында қашықтықтан өткен ғылыми жоба байқауында «Абайдың «Он жетінші» қарасөзіндегі үш айғақ» тақырыбы бойынша қатысып, ерекше шығармашылығымен көзге түскен Қалам Есқалиев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Айгерім Сәрсен жүлделі І орынды иеленіп арнайы дипломмен және медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, «Жас ғалым-2020» Республикалық ғылыми жобалар байқауының материалдар жинағына еңбегі жарияланды.

Осыған дейін Айгерім аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1-7 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша жүлделі ІІ орын алған болатын.

Жарысқа бірлесе дайындап, жетекшілік көрсеткен ғылыми жетекшісі, Қалам Есқалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Гаухар Жеңісқызына оқушыларын белсенділікке баулып, білім саласының дамуына үлес қосқаны үшін арнайы Алғыс хат табыс етілді.

А. Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521