Жарсуаттықтар турнирден жүлдемен оралды

Жарсуат ауылының жас палуандары кезекті жеңісімен жерлестерін қуантып келді.

Дархан Ізмұханов баптайтын жас палуандар жақында Мақат ауданының Құрметті азаматы КСРО спорт шебері Тілекқабыл Құсайыновты еске алуға арналған республикалық турнирден жүлдемен оралды. Қойшыбай Бекнұр күміс жүлде иеленсе, Жасын Атшыбаев пен Еламан Өмірзақов қола жүлдені жеңіп алды.

- Жарыста облыстың бірқатар аудандарымен бірге Ақтау мен Оралдан командалар қатысқан үлкен жарыс болды. Шәкірттерім ойдағыдай өнер көрсетіп, жеңістерімен қуантты, - дейді жарсуаттық бапкер Дархан Ерсайынұлы.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521