«Спорт шеберлігіне үміткер» атанды

Алматы қаласында Кеңес Одағы мен Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Ұлығат Өтешовті еске алуға арналған дәстүрлі республикалық жарыс мәресіне жетті.

Жасөспірімдер арасындағы сынның 62 келі салмақта белдескен жерлесіміз Сансызбай Жалғас жарысты жүлделі 3-орынмен қорытындылады.

-Жарысқа барлық облыс командаларымен қатар көршілес Өзбек, Қырғыз елінен палуандар қатысып, жоғары деңгейдегі бәсеке болды. Шәкіртім Жалғас Мырзабекұлы белдесулерін сәтті өткізе білді. Әрі жарыс қорытындысында қола жүлдемен қатар Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болды, - деді аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев.

Саламат Б.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521