ӨНЕРПАЗДАР СПОРТТА ДА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жақында алаштың төкпе ақыны, айтыскер Салауат Исақаевты еске алуға арналған спорттық жарыстар Құлсары қаласы, Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылында өтті.

Бұл жөнінде жарысқа қатысушы Бірлес Бакетов: - Бұл жарыста Батыс аймақтарынан музыкант, асабалардан құралған футболшылар мен валейболшылар командалары басқосты. Жан-жақтан келгендер өзара жарысып, қызыққа толы тартысты ойын өрнегін көрсете білдік. Енді бұл ауқымды жарыс республикалық деңгейге көтерілсе деген ой бар. Әлсіз команда жоқ. Барлық командалар тең дәрежеде,-дейді қуанышын жасыра алмай.

Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді. Нәтижесінде Индер ауданы өнерпаздарынан құралған футболшыларға екінші орын бұйырса, валейболшылар үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, жарыстың барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білген Сайран Түсіпқалиев «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленді. Жеңімпаздарға медаль, мадақтама тапсырылды.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521