ban2

"Атырау" клубы волейболдан екінші орыннан көрінді

28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы ҚР 27-ші Кубогі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау" клубы тартысты ойында екінші орын иеленді. Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында петропавлдық "Есіл СК" командасын 3:0 көрсеткішімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен "Ұшқын-Көкшетау" командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды. Ал Маңғыстау облысының "Маңғыстау" командасы үздік үштікті қорытындылады.

- Қазіргі таңда біздің команда алда өтетін "Суперкубок" ойынына қызу дайындалуда. Осы ойында ҚР кубогында көрсеткен нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, - дейді "Атырау волейбол клубының" директоры Амандық Ғарифолла.

Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында "Суперкубок" ойыны өтеді. Ойында Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген "Буревестник", "Атырау", "Маңғыстау", "Ұшқын-Көкшетау" командалары өзара бәсекеге түсетін болады. "Суперкубок" иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner