Әлем біріншілігі өз мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.

Әлемнің 28 мемлекетінен келген 200- ден астам ерлер мен әйелдер 6 салмақ дәрежесі бойынша бәсекеге түсті. Біріккен Күрес Әлемінің 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген бұл жарысқа UWW -ның толықтай өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілер төрелік етті.

Федерацияның атқарушы директоры Талғат Мәзібаевтың айтуынша 15 жылдың ішінде әлемнің 52 мемлекетінен қазақ күресі федерациясы ашылып, насихат жұмыстары қарқынды қолға алыныпты.

1-oryn

Сонымен екі күнге созылған байрақты бәсекеде біздің палуандар 2 алтын, 2 күміс, 3 қолаға ие болды. Жеңімпаздарды федерация президенті А.Шпекбаев және өзге құрметті қонақтар марапаттады.

Ж. АМАНТУРЛИН

Нұр-Сұлтан қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521