АУДАННАН ШЫҚҚАН АЛҒАШҚЫ ЕЛШІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Жалғас Жұмаұлы - 1964 жылы 15 желтоқсанда Атырау облысының Индер ауданының Жарсуат ауылында дүниеге келген. Ол «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл және 20 жыл» (2001 ж., 2016 ж.) медалдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғысымен (2001ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен (2013) және «Үздік мемлекеттік қызметші»(2018) белгісімен марапатталған.

Жерлесіміз Әділбаев Жалғас Жұмаұлын осындай жоғары лауазымға ие болуымен қуана құттықтай отырып, табыстан-табысқа жетіп, биіктерден көріне беруіне тілекшіміз! Ауданымыздан шыққан алғашқы Төтенше және Өкілетті Елшінің қадамына сәттілік тілейміз!

"Дендер"-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521