ban2

АТЫРАУДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

1 қазаннан бастап қаланың әлеуметтік мекемелеріне жылу жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен сейсенбіде, «Атырау жылу желілері» АҚ жылу маусымының басталғанын мәлімдеді. Кәсіпорынның хабарламасына сәйкес, жылу мектептерде, балабақшаларда, медициналық, сот нысандарында, әкімшілікте, мәдени орталықтарда және басқа да ұйымдарда жүргізілетін болады. Айта кетейік, жылу маусымының ресми түрде басталуы 3-5 тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°С болуымен есептеледі. Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №104 қаулысына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарда жылу беру 1 қазаннан, тұрғын үйлерде 15 қазаннан басталады. - «Атырау жылу желілері» АҚ ПИК-нің жазбаша өтініші бойынша, пәтер иеленуші кооперативтерде, өзге де басқару құрылымдары жоқ үйлерде, шаруашылық субьектілірінде тұрғындардың келісімімен жылытуды белгіленген межесінен ертерек бастауға дайын, - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner