МҰНАЙ МЕРЕКЕСІН АТЫРАУЛЫҚТАР ЕРЕКШЕ ТОЙЛАДЫ

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған концерт 1 қыркүйек күні жаңарған орталық алаңда өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Сахнадағы дыбыс пен жарықтандыру технологиясы қойылымдардың жарқын әрі керемет болуына ұйтқы болды. Кеште Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Назима, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша, Музарт тобы, Ержан Максим, Айқын, Тамара Асар сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Атыраулықтар өздерінің сүйікті әншілерімен бірге ашық аспан астында ән шырқады. Концерт соңында мерекелік отшашу болды.

konts2

Пиротехникалық шоу көрермендерді ерекше таңғалдырды. Осы "Open air-2019" шарасына 10 мыңнана аса атыраулық қатысты.

konts

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521