ban2

Мұхтар мектебіндегі мұражай

Алғаш сегіз жылдық мектеп болып құрылған, аудандағы іргелі оқу орындарының бірі - М.Әуезов атындағы орта мектебі жанынан жаңа мұражай ашылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан бұл мұражайдың басты мақсаты – жастар мен оқушыларды зерттеу жұмыстарына бейімдеу, шығармашылық қабілетті арттыру, аға буынның құндылықтарын бағалай білу болып табылады.

dsc_1800

Сонымен мұражайдың алқызыл лентасын көпшіліктің ерекше ықыласымен мектеп директоры болған, қазір зейнеткер Меруерт Тұхфатова мен өмірден өткен Айтқали Кенжиевтің жолдасы Злиха Қайырманқызы кесті. Мұражайда мектеп тарихы мен ұлағатты ұстаздар, әр жылдардағы үздік түлектер туралы деректер мен осы заманға сай технологиялармен толықтырылған.

dsc_1843

Айта кетсек, әрбір қызығушылық білдірген тұлға өздерінің ұялы телефонына «QR-код» бағдарламасын көшіріп алу немесе «YouTube» каналы арқылы да («Директора средней школа имени М.Ауезова» деген жазу енгізіп) мұражай қорымен таныса алады. Немесе жазып қарауға болады.

dsc_1862

Айтулы кеште мектеп директоры Роза Даулетова сөз алып, мұражайдың мақсатына тоқталып, ардагерлерге алғысын білдірді. Ал өз кезегінде зейнеткер-ұстаздар да мектеп әкімшілігіне ризашылығын жаудырып, мұражай ішін аралап көрді.

Диас АЙБАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner